22 мамыр 2022 | 21:34

Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді

Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 мамырда Түркістан облысының таулы аймағында найзағай болуы мүмкін. Жел шығыстан келеді, найзағай екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыс соғады, екпіні секундына 23 метр болады. Облыстың шығысында 2 градустық үсік жүреді.

Реклама
Реклама

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел күндіз батыста, кешке солтүстік-шығыста, екпіні секундына 23 метр болады.

Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың шығысында 2 градустық үсік күтіледі.

23 мамырда Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыс, оңтүстік желі секундына 15-20 метр болып соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градустық үсік жүреді.

23 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. 23 мамырда түнде оңтүстікте, шығыста және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-шығысқа ауысады. Екпіні секундына 23-28 метр болады.

22 мамырда Алматыда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күн күркірегенде желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр жел болады. 

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың шығысында  2 градустық үсік күтіледі.

23-24 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. 23 мамырда екпіні секундына 23 метр болатын жел соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная