ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2022 | 15:51
Қазақстанның бірінші энергетика министрі Қадыр Бәйкенов қайтыс болды
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш энергетика және отын ресурстары министрі Қадыр Байкенов 78 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Олег Червинский мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш энергетика және отын ресурстары министрі Қадыр Байкенов 78 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Олег Червинский мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш энергетика және отын ресурстары министрі Қадыр Қарқабатұлы Бәйкенов өмірден озды. Онымен бірнеше рет ұзақ әңгімелесу бақыты бұйырған еді", - деп жазды Червинский Facebook парақшасында.
1967-1985 жылдары - Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы, цех бастығы, өндіріс бастығының орынбасары, бас инженердің орынбасары, партия комитетінің хатшысы, ауыр машина жасау зауыты директорының экономика жөніндегі орынбасары.
1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.
1987-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
1989-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы және Алматы қалалық кеңесінің төрағасы.
1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрі.
1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы.
1998-1999 жылдары - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ ұлттық компаниясының президенті.
1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін - "Инвестконсалтинг" компаниясы" ЖШС президенті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также