07 шілде 2023 | 09:42

Қазақстанның бүкіл өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 7 шілдеде Астана, Алматы және еліміздің 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 7 шілдеде Астана, Алматы және еліміздің 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 7 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/сағ.

Ақмола облысында 7 шілдеде түнде шығыста, күндіз оңтүстікте, солтүстікте, шығыста найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі.

Реклама
Реклама

Алматы облысында 7 шілдеде таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай күтіледі, күндіз облыстың таулы аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда найзағай күтіледі. 7 шілдеде күндіз Қонаевта найзағай күтіледі.

Жетісу облысында 7 шілдеде күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауады. Аймақтың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 7 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды ​​облысында 7 шілдеде күндіз солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 7 шілдеде күндіз Қарағандыда найзағай күтіледі.

Түркістан облысында 7 шілдеде таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте найзағай, бұрқасын күтіледі. Өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында 7 шілдеде оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында 7 шілдеде таңертең және күндіз солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында солтүстікте жоғары өрт қаупі бар, күндіз оңтүстікте, облыс орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстікте, облыс орталығында бұршақ жауады. 7 шілдеде күндіз Павлодарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Жамбыл облысында 7 шілдеде күндіз таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Өрт қаупі сақталады. Таразда 7 шілдеде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында 7 шілдеде күндіз басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 7 шілдеде күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

7 шілдеде Қызылорда облысында және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында 7 шілдеде солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 7 шілдеде солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында 7 шілдеде оңтүстікте күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады, сонымен қатар төтенше өрт қаупі бар. 7-9 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 7 шілдеде түнде солтүстік-батыста, күндіз солтүстікте, солтүстік-шығыста найзағай күтіледі. Күндіз 35-39 градус ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 7 шілдеде күндіз найзағай күтіледі, қатты ыстық 35-37 градусқа дейін.

Маңғыстау облысында 7 шілдеде күндіз 38-42 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында 7 шілдеде күндіз солтүстікте және шығыста күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, бұршақ жаууы мүмкін. Петропавлда күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында 7-9-10 шілдеде күндіз 42-43 градус ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная