26 қыркүйек 2022 | 10:57

Қазақстанның ДХР мен ЛХР-дағы референдум бойынша ұстанымы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

СІМ Қазақстанның Ресейге ЛХР, ДХР квазимемлекеттік аумақтарының, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының қосылуы туралы референдумға қатысты ұстанымын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

СІМ Қазақстанның Ресейге ЛХР, ДХР квазимемлекеттік аумақтарының, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының қосылуы туралы референдумға қатысты ұстанымын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзін-өзі жариялаған ЛХР және ДХР мемлекеттері мен Запорожье және Херсон облыстарының әскери әкімшіліктері Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізсе, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру принциптерінен шығады. Біздің Президент бірнеше рет, соның ішінде БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы нақты мәлімдеді", - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол Жарғыда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау және мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау үшін жауапкершілігі туралы айтылғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Біз саяси диалогты жолға қоюға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік деңгейде де, жаһандық деңгейде де сақтауды маңызды міндет деп санайды", - деді Смадияров.

Еске салайық, жұмада ЛХР, ДХР, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум басталды. Дауыс беру 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная