01 қыркүйек 2023 09:30

Қазақстанның екі қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

1 қыркүйекте Қазақстанның екі қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қыркүйекте Қазақстанның екі қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамы бойынша, сейсенбіде Алматыда және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram