ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қыркүйек 2023 | 09:56
Қазақстанның екі облысына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін
Қазақстанның екі облысына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның екі облысына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысы мәслихатының сайтында 5 қыркүйекте сағат 10.00-де облыс әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша облыс мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтетіні туралы хабарландыру жарияланды.
Осындай хабарландыру Жамбыл облысы мәслихатының сайтында да пайда болды. "2023 жылғы 5 қыркүйекте сағат 11.00-де Тараз қалалық білім бөлімінің оқушылар сарайында облыс әкімінің тағайындалуына келісім алу үшін Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қызметінен босатылуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Сонымен қатар, Шымкент мәслихаты қала әкімінің ауысымын талқылайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также