ПОДЕЛИТЬСЯ
30 шілде 2021 | 09:11
Қазақстанның екі облысында анықталмаған аурудан мал қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда мал қырылып жатыр. Мортық ауылында кейінгі айда бірден 16 бұзау өлген. Жануарлар өлімінің себебін анықтау мүмкін болмай отыр, өлексесі дереу өртелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, мал дәрігерлері талдауға қан сынамасын алып үлгермеген, бірақ малдың қырылу себебі эмфизематоз карбункулы деген болжам жасап отыр. Өңірде бұл ауру көптен бері байқалмаған. Инфекция бірінші кезекте ағзасы жетілмеген жануарларға қауіпті, ал жас болғандықтан екпе салуға болмайды екен. Жаздың аптабы да теріс ықпалын тигізген болуы мүмкін.
Мал Ақмола облысында да қырылған. Азат және Қарабұлақ ауылдарында 500-ден аса бас ірі қара ауырып, онға жуық мал өлген. Телеарна журналистерінің айтуынша, мал дәрігерлері бұған тағы да аптапты кінәлап отыр. Олардың пікірінше, құрғақ шөп сиырлардың ауыз қуысын жарақаттап, сосын ол стоматитке ұласады. Бұл малға ауыр тиетін, өлімге әкеп соғатын ауру екені айтылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также