Қазақстанның Энергетика министрлігі “Шесхариске“ жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанның Энергетика министрлігі “Шесхариске“ жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады видео кадры

Қазақстанның Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы "Шесхарис" мұнай терминалында тіркелген оқыс оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы "Шесхарис" мұнай терминалында тіркелген оқыс оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қазір Атырау - Самара және Ақтау - Махачкала бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде, шектеусіз жүргізіліп жатыр.

"Министрлік "Транснефть" компаниясымен тұрақты байланыста. Барлық процесс ведомствоның жіті бақылауында", - деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, бұған дейін Новороссийскіде ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылы салдарынан "Шесхарис" мұнай базасына зақым келгені туралы ақпарат тарады.

"Шесхарис" - Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуге арналған ірі мұнай тасымалдау кешендерінің бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама