ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2022 | 10:17
"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтаруға тапсырма бердім - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнер майталмандарын Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнер майталмандарын Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter-де жазды.
"21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!", - деді ол.
Тоқаев "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтару керек екенін де айтты.
"Бүгін тиісті министрлікке "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также