Қазақстанның жаңа Парламентінде депутаттар саны аз болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанның жаңа Парламентінде депутаттар саны аз болады Фото: parlam.kz

Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттегі депутаттар саны қанша болуы мүмкін екенін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттегі депутаттар саны қанша болуы мүмкін екенін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ал, депутаттар санына келсек, бұл мәселе де қызу пікірталас туғызды. Ең көп пікір қайшылығы осы мәселеге қатысты болды. Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдік идеясын ұсынды. Екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет деді. Біздің негізгі мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру", - деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, Ааңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс.

Реклама
Реклама

"Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе – санда емес, сапада! Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс! Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек".

Айта кетейік, қазіргі Парламентте 148 депутат бар (Мәжілісте 98 және Сенатта - 50).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама