22 ақпан 2021 | 08:28

Қазақстанның жеті өңірінде ескерту жарияланды

22 ақпанда Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 ақпанда Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

22 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Реклама
Реклама

22 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

22 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел күндіз секундына 18 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбеде 22 ақпанда күндіз боран соғады.

22 ақпанда күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

22 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

21-23 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Таразда 21-23 ақпанда тұман түсіп, көктайғақ болады. 23 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram