ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2024 | 09:31
Қазақстанның жеті өңірінде жолдар жабылды
2024 жылғы 22 ақпанда таңғы сағат 6.00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар 28 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2024 жылғы 22 ақпанда таңғы сағат 6.00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар 28 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- Абай облысы – 6 тасжол, жалпы ұзындығы 1841 шақырым (температураның төмендеуі -30 градус);
- Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 41 шақырым 1 автожол. (Павлодар облысында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты);
- Шығыс Қазақстан облысы - 7 учаске, жалпы жол ұзындығы 1238 шақырым (ауа температурасының -45°С дейін төмендеуі, қар көшкіндері);
- Қарағанды облысы – 3 тасжол, жалпы ұзындығы 265 шақырым. (Абай және Павлодар облыстарында ауа температурасының төмендеуі);
- Қостанай облысы – 1 тасжол, жалпы ұзындығы 83 шақырым. (Ұлытау өңіріндегі ауа райының нашарлауына байланысты);
- Павлодар облысы – жалпы ұзындығы 1624 шақырымды құрайтын 9 автомобиль жолы (ауа температурасының төмендеуі);
- Ұлытау облысы – жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автожол (қатты жел, ауа температурасының төмендеуі);
"Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бүкіл желісі бойынша шектеу қойылды - 5207 шақырым немесе бүкіл желінің 20,83 пайызы жұмыс істейді. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 223 техника мен 233 адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также