17 желтоқсан 2021 | 09:06

Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы жұмыртқа бағасы төмендегенін мәлімдеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы тауық жұмыртқасының бағасы төмендегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы тауық жұмыртқасының бағасы төмендегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Қауымдастық президенті Максим Божконың айтуынша, 10 желтоқсаннан бастап республиканың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) төмендей бастайды. Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін төмендейді.

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы президентінің мәлімдемесі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны келісіп отыр деген күдікке ілінген тоғыз құс фабрикасына қатысты тергеу басталғаны туралы айтылғаннан кейін жасалды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган тоғыз құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28 - өндірушілерге, үшеуі - көтерме жеткізушілерге) шығарды. Тоғыз құс фабрикасына қатысты алты тергеу тағайындалған еді (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная