Қазақстанның қай жерінде -50 градус аяз сезілді және Қазгидромет не дейді?

Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар республиканың шығысында 20 ақпанда таңертең ауа температурасы минус 50 градусқа дейін төмендегені туралы хабарлама таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар республиканың шығысында 20 ақпанда таңертең ауа температурасы минус 50 градусқа дейін төмендегені туралы хабарлама таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратқа қарағанда, таңғы сағат 05:05-те Алтайда (бұрынғы Зырян) ауа температурасы минус 50 градусқа дейін төмендеген. Бұл минус 57 градус болып сезілетіні көрсетілген.

Реклама
Реклама

"Қазгидромет" ақпаратқа қатысты жауап берді.

"20 ақпанға қараған түні Зырян метеостанциясында ауаның ең төменгі температурасы 47,3 градус аяз болды", - деп хабарлады синоптиктер.

Бұл өткен түндегі Қазақстандағы ең төменгі температура екені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама