Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы жағдайы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы жағдайы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райы болжамы бойынша 11 шілдеде Астана, Алматы және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады деп күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Жарнама
Жарнама

Қолайсыз метеожағдайлар дегеніміз - қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың болуы. Яғни, тымық күн, әлсіз жел, тұман, атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін инверсия. ҚМЖ пайда болған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау - жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама