22 ақпан 2022 | 09:40

Қазақстанның қай өңірлеріне су тасқыны қаупі төніп тұр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір аймақтардағы жағдай жылдан жылға қайталанып келеді. Бұл, бірінші кезекте, Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік арасындағы жауапкершілікті бір-біріне сілтеу мәселесіне қатысты болып отыр. Су тасқынының алдын алу және одан келетін шығынды азайту әкімдіктердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, әкімдіктер күнделікті қар шығару, арықтарды тазалау, уақытша бөгеттерді салу жұмыстарын уақытылы жүргізуі тиіс.  

Реклама
Реклама

"Төтенше жағдайларға жергілікті бюджеттерде жеткілікті қаражат қарастыру керек. Су тасқынын алдын алуға қатысты барлық мәселені әкімдер қатаң бақылауда ұстауы тиіс", - делінген хабарламада.

Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды.

  • Су тасқыны қаупі бар өңірлер: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары.
  • Орташа қаупі бар аймақтар: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары.
  •  Су аздығы деңгейі жоғары қаупі бар өңірлер: Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная