12 желтоқсан 2024 | 16:33

Қазақстанның қазба байлығы қашан таусылады?

Фото:depositphotos.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров елдегі пайдалы қазбалар қоры туралы журналистердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров елдегі пайдалы қазбалар қоры туралы журналистердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұрақ: Қазақстанға пайдалы қазбалар қоры қанша жылға жетеді?

"Біздің кейбір кен орындары бұрыннан бері игеріліп жатыр. Алтын қоры - 20 жыл, мыс қоры - 40 жыл. Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша жағдай қалыпты. Көптеген пайдалы қазбалар бойынша қорлармен қамтамасыз етілу 40 жыл болады. Дегенмен, белгілі бір геологиялық және техникалық қиындықтар бар екенін ескеру қажет. Кейбір кен орындарында қорлармен қамтамасыз етілу 10, тіпті 5 жыл болады. Ел бойынша орташа қамтамасыз етілу деңгейі шамамен 20 жыл", – деді Ақбаров ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, жаңа кен орындарын геологиялық барлау маңызды аспект болып табылады.

"Бізде қосымша зерттеуді қажет ететін пайдалы қазбалар бар, бірақ бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біздің комитеттің негізгі қызмет бағыттарының бірі – жер қойнауын геологиялық зерттеудің тиімділігін арттыру. Келесі жылдан бастап біз 200 мыңдық масштабтан 500 мыңдық масштабқа көшеміз. Бұл масштаб бізге көптеген жасырын және геологиялық тұрғыдан күрделі объектілерді анықтауға мүмкіндік береді. Болашақта бұл жұмыс біздің минералды-шикізат кешенімізді толықтыруға серпін береді деп ойлаймын", – деп қосты комитет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Алматыда жаңа көпір ашылды
Қазақстанда ұрлық азайған
Қырғызстанда жер сілкінді
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная