Қазақстанның көлік кептелісі бойынша әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанның көлік кептелісі бойынша әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды Фото:depositphotos.com

Қазақстан жолдардағы көлік жүктемесі мен газ шығарындылары деңгейі бойынша 89 елдің ішінде 44-орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Numbeo платформасының деректеріне сілтеме жасап.

Қазақстан жолдардағы көлік жүктемесі мен газ шығарындылары деңгейі бойынша 89 елдің ішінде 44-орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Numbeo платформасының деректеріне сілтеме жасап.

Рейтингке сәйкес, елдің индексі 136,3 балл болған. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жолдағы кептеліс пен көлік тиімділігі бойынша жағдай нашар дегенді білдіреді.

Қазақстанда бір бағыттағы сапардың орташа ұзақтығы - 35,8 минут. Көлік жүйесінің тиімсіздік индексі 141,3 деңгейінде. Бұл тұрғындардың жеке автокөлікке тәуелділігі жоғары екенін және қоғамдық көліктердің тартымдылығы төмен екенін көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Көмірқышқыл газы (CO₂) шығарындыларының деңгейі бойынша Қазақстанның көрсетікіші - 3 942,5 грамм. Бұл атмосфераға түсетін орташа ластану көлемі.

Салыстыра кетсек, қоғамдық көлік пен велоинфрақұрылымы дамыған елдерде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен, ал жолға кететін уақыт та қысқа.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама