02 желтоқсан 2022 | 08:59

Қазақстанның коммуналдық қызметтері капиталды шығару бойынша тексерілетін болады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Азаматтарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жедел және жүйелі шаралар қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:

Реклама
Реклама

- үш күн ішінде барлық энергетикалық объектілерді кешенді, оның ішінде техникалық жай-күйіне сәйкес тәуекел топтары бойынша санаттарға жіктеу. Апатты жағдайдағы ЖЭО және жылу желілері үшін меншік иелері, әкімдіктер және министрліктер арасында бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары дайындалады;

- өңірлердегі жылумен және электрмен жабдықтау объектілерінің нақты дайындығын тексеру үшін жедел топтар құру;

- Қаржы министрлігі мен қаржы мониторингі агенттігі әрбір заңды тұлға бойынша тарифтік сметаларға және инвестициялық бағдарламаларға талдау жүргізсін, капиталды шығарудың ықтималдығы бойынша операцияларды тексерсін;

- жылумен және электрмен жабдықтау объектілері иелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын күшейту мақсатында салалық заңдарға және заңға байланысты актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная