16 наурыз 2023 | 12:57

Қазақстанның мемлекеттік қарызы неге өсіп жатыр? Қаржы министрі түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Парламент Сенаты отырысында депутат Шәкәрім Буктугов мемлекеттік қарыздың ұлғаюына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Сенаты отырысында депутат Шәкәрім Буктугов мемлекеттік қарыздың ұлғаюына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер былтырғы 1 қаңтарда мемлекеттік қарыздың көлемі 21,9 триллион теңге болса, биылғы 1 қаңтарда мемлекеттік қарыздың көлемі 25,3 триллион теңгеге немесе 15 пайызға өсті. Есеп комитетінің (Жоғарғы есеп палатасы. - еск.) мәліметі бойынша 2050 жылға қарай мемлекеттік қарыздың өсімі ішкі жалпы өнімнің 45 пайызына жетуі мүмкін", - деді сенатор.

Бұған қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлемдік инфляцияның жоғары деңгейі мен базалық мөлшерлеменің жоғары болуын басты себеп ретінде атады.

Реклама
Реклама

"Ол (мемлекеттік қарыз – еск.) қазір өсіп жатыр, өйткені өздеріңіз білесіздер, әлемдік инфляция деңгейі өте жоғары және базалық мөлшерлеме жоғары. Қазір тапшылықты жабуға сыртқы қарыз алу бюджет үшін өте қиын. Инфляция төмендеген сайын бұл жүктеме айтарлықтай төмендейді", - деді Жамаубаев.

Қаржы министрлігінің болжамы бойынша, мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан аспауы керек. Осы мақсатта бөлімде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік қарыз мәселесі басты мәселе.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная