Қазақстанның оңтүстігінде әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлады

Қазақстанның оңтүстігінде әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлады Иллюстрациялық фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі Қазақстанның оңтүстігінде әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қорғаныс министрлігі Қазақстанның оңтүстігінде әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2 маусымда ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын орындау барысында Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс жағдайда қонды", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төнген жоқ.

Жарнама
Жарнама

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілгені айтылды. Құлаған аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама