17 қараша 2020 | 15:31

Қазақстанның оңтүстігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжол жабылды

Алматы облысында қар жауып, жол көрінбей қалуына байланысты Үшарал - Достық республикалық маңызы бар тасжолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қар жауып, жол көрінбей қалуына байланысты Үшарал - Достық республикалық маңызы бар тасжолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, тасжол 17 қараша сағат 12.10-да 84-шақырымнан 184-шақырымға дейін жабық болады.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар тұрғындардан жол қауіпсіздік ережесін сақтауды, жазғы дөңгелекті қысқыға ауыстыруды, метерологиялық жағдайды бақылап, ауа райы нашарласа елді мекендерден шықпауды сұрады.

"Әрбір көлікте апат жағдай болғанда көмектесетін - лампа, тросс, парафин шам, сондай-ақ жылы киім, артық тамақ пен су болуы керек. 

Егер боран немесе қатты аязда жолда қалып қойсаңыз, егер көлігіңіз елді мекеннен алыста, сізге бейтаныс жерде тұрып қалса, көлікте қала берген дұрыс және жолдан өткен көліктерден көмек сұрау керек немесе 101, 112 нөмірлеріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram