Қазақстанның оңтүстігінде бір апта ішінде екінші оқушы төбелестен қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін 9-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл өңірде бір апта ішінде болған екінші қайғылы жағдай, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін 9-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл өңірде бір апта ішінде болған екінші қайғылы жағдай, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, жасөспірімдер арасындағы жанжал мектеп әжетханасында болған. Сыныптасы баланы кеудесінен ұрғаны айтылады. Бұл соққы өлімге әкелген.

Реклама
Реклама

Полиция пікірі

Жамбыл облыстық Полиция департаменті ақпаратты растады және осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша ("Бас бостандығы айқын емес немесе кінәліге тәуелді адамға, сондай-ақ адам ұрлау немесе кепілге алу жағдайында жасалған ауыр зиян келтіру") тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді өңірлік полиция.

Бір апта ішіндегі екінші оқиға

Еске салайық, 12 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылында футбол матчі аяқталған соң 10-сынып пен 11-сынып оқушылары арасында жанжал шыққан.

Жиналған балалар футбол ойнаған, кіші сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларын жеңіп кеткен. Олар ойын нәтижесіне наразы болып, қарсылас команда ойыншысын ұрып-соққан.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оқушының алған жарақатынан қайтыс болғанын анықтады.

Сол күні полицейлер 16 және 17 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама