04 қараша 2024 | 10:35

Қазақстанның оңтүстігінде экстремистік ұйымның жасырын ұяшығы жойылды

видео кадры

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі ҰҚК көмегімен Кентау қаласында "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі ҰҚК көмегімен Кентау қаласында "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, "шариғат" нормаларын енгізуге бағытталған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау деректері анықталды. Топ мүшелері "Хизб-ут-Тахрир" шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды.

"Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная