13 желтоқсан 2023 | 17:48

Қазақстанның оңтүстігінде қатты аяз болады

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 14 желтоқсанда Қазақстан аумағында синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 14 желтоқсанда Қазақстан аумағында синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың болжауынша, республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклон ықпал етеді, аяз сақталады, негізінен жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен республиканың батысында қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұрқасын күтіледі.

Реклама
Реклама

Атыраудың оңтүстігінде, шығысында және Маңғыстау облыстарының шығысында құмды дауыл, Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі..

"Түнде солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарындағы таулы аудандарда 33-38 градус, орталықта, Жетісу облысындағы таулы аудандарда - 31-36 градус қатты аяз сақталады", - делінген хабарламада.

Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстік-шығысындағы тау асуларында кейде секундына 30 метр және одан да көп қатты жел болады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная