Қазақстанның оңтүстігінде колониядағы тұтқындар бүлік шығарған: сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы соты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің талаптарына жаппай бағынбау дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы соты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің талаптарына жаппай бағынбау дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурорлардың мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесінің №55 мекемесінде қатаң ұстау жасағында ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан алты сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы мекеме әкімшілігінен заңмен тыйым салынған - түнде теледидар көру, серуендеуге шығу, өз бетінше тамақ дайындау, белгіленген киім үлгісін кимеуге және заңнамада тыйым салынған өзге де жеңілдіктер беруді талап еткен.

"Заңсыз әрекеттерін әзірлеу мақсатында өздеріне жарақаттар салған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот сотталушылардың әрқайсына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын және оны бұрынғыдан да қатаң жағдайда өтеу туралы үкім шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама