Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері 21-23 қарашада демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 21-23 қарашада демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің оңтүстік бөлігінде күн суытатыны хабарланды. 

"Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын болады. 

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 4-8 градусқа төмендейді. Дәлірек айтсақ, түнде ауа температурасы 5-18 градус аяз болады, күндіз минус екі - плюс үшке дейін, кей жерлерде бес градус аязға дейін төмендейді деп болжанды", - дейді синоптиктер. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама