08 қараша 2023 10:52

Қазақстанның оңтүстігінде шенеуніктерге қатысты қылмыстық істер қозғалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz

Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскелерін элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскелерін элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, аталған өңірде азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскелерін рәсімдегені және 28 жер учаскелерінің орнын заңсыз өзгерту фактілері анықталған.

Реклама
Реклама

"Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы 200 ауыл шаруашылық жерлерінің нысаналы мақсаттарын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймақтарына өзгерткен", - делінген хабарламада.

Аталғандардың негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек прокурорлардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органдар 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесін бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram