ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 наурыз 2025 09:14
Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді
Қазақстандық сейсмологтар еліміздің оңтүстігінде 11 наурызға қараған түні жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 наурызда Астана уақытымен сағат 01.26-да жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілген.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу