28 қаңтар 2022 11:07

Қазақстанның оңтүстігіндегі блэкаут себебі айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 қаңтарда Оңтүстік Қазақстанда электр қуатының өшіп қалуының майнингке қатысы жоқ. Бұл туралы электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (KEGOC) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


25 қаңтарда Оңтүстік Қазақстанда электр қуатының өшіп қалуының майнингке қатысы жоқ. Бұл туралы электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (KEGOC) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"KEGOC АҚ мәліметінше, тапшылықтың негізгі факторлары - электр станцияларындағы апаттардың жоғары деңгейі және соңғы бір жылда 6 пайыздан асқан электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуі. Бұл кейінгі жылдармен салыстырғанда 3 есеге артық. Салыстыру үшін, 2020 жылы электр энергиясын тұтынудың өсімі 2 пайыз, 2019 жылы 1,9 пайыз болған. Электр энергиясының тапшылығы жағдайында халықты және ел экономикасын үздіксіз жарықпен жабдықтау мақсатында KEGOC АҚ электр станциялары және электрмен жабдықтаушы ұйымдармен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талабына сәйкес Қазақстан майнинг деректер орталықтарына жоспарланған электр қуатын жеткізуді қысқарту шараларын қабылдады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазақстандық компания еліміздің оңтүстігіндегі электр қуатының жаппай сөніп қалу себебін атады.

"Өзбекстанда 2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.59-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) қысқа тұйықталу салдарынан Сырдария ЖЭО-да 6 энергоблок өшіп қалды, генерацияда 1500 мегаваттан астам энергия жоғалды. Нәтижесінде электр қуатының тапшылығы туындады. Өзбекстанның энергетикалық жүйесінде Өзбекстан және Қырғызстанның энергетикалық жүйелерімен параллель жұмыс істеуге байланысты Қазақстанның энергетикалық жүйесінен рұқсат етілмеген электр қуатын алуға әкелді. Нәтижесінде "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстігі" 500 киловольт транзитіне қуат түсіп, кейін ол қайта жүктелді. Энергетикалық жабдықтардың зақымдануына жол бермеу және автоматтандыру арқылы еліміздің оңтүстік өңірлерін толық электр қуатымен жабдықтау мақсатында Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын оқшауланған жұмысқа көшіру арқылы транзит бөлінді", - деді компания өкілдері.

Апаттық автоматтандыру жұмысы арқасында республиканың оңтүстік өңірлеріндегі барлық электр станциясы жұмысын жалғастырып, жалпы қуаты шамамен 1500 мегаватт тұтынушыларды электр және жылумен қамтамасыз етудің жалғастырылғаны хабарланды. Осылайша, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың төлемді толық өтеуіне тосқауыл қойылды. 

Еске салайық, 25 қаңтарда Алматыда және Қазақстанның бірнеше өңірінде жаппай жарық өшті. Бұған дейін Алматы әкімдігі пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, БАҚ Өзбекстан мен Қырғызстан қалаларында жарықтың өшірілгені айтылды.

Өзбекстанның Энергетика министрлігі елдегі электр энергиясының өшуі Қазақстанның электр желілеріндегі апатқа байланысты болғанын мәлімдеді.

Қазақстанда электр қуаты неге Өзбекстан мен Қырғызстанға тәуелді? Сарапшы пікірі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети