ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2022 | 14:38
Қазақстанның оңтүстігіндегі блэкаут: тергеу аяқталды
Құрамына Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан энергетика жүйесінің жүйелік операторлары өкілдері кіретін "Энергия" Үйлестіру диспетчерлік орталығының (ҮДО "Энергия") арнайы комиссиясы 2022 жылғы 25 қаңтарда болған апатты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы (KEGOC) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Комиссия апат себебі Өзбекстанның энергия жүйесіндегі үзілістен екенін анықтады - бұл күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11: 59-да Сырдария ЖЭС пен 500 киловольттық "Ташкент" (Өзбекстан) қосалқы станциясын қосатын жоғары вольтты әуе желісінің желілік ажыратқышында қысқа тұйықталу болды. 500 киловольт шиналардың 1 және 2-жүйелерінің дифференциал қорғаныстарының кейінгі шамадан тыс жұмысы Сырдария ЖЭС-те генерацияның айтарлықтай төмендеуіне, электр станциясына іргелес электр желісіндегі бірнеше үзіліске және Қазақстанның біртұтас электр энергетика жүйесінің (БЭЖ) 500 киловольт транзитіне 2100 мегаватт шамасындағы қуат жүктемесіне (рұқсат етілгеннен 7 есе жоғары) әкелді", - деді компания өкілдері.
KEGOC АҚ электр желілері мен Қазақстанның оңтүстігіндегі электр станцияларының апатқа қарсы автоматикасы жүйелі апат кезінде энергия жүйесін бөлу жөніндегі талаптарды ескере отырып, штаттық режимде іске қосылды. Осылайша, еліміздің оңтүстігінде шамамен 60 пайыз электрмен жабдықтау сақталды. Бұл ретте Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері толығымен токтан ажыратылды.
KEGOC Қазақстандағы апатты жоюға және барлық тұтынушыны жарықпен қамтамасыз етуге төрт сағат қажет болғанына назар аударды. Қырғызстанның ҰЭЖ-де схема мен режим бір тәуліктен астам уақыттан кейін қалпына келтірілген, ал Өзбекстанда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды қалпына келтіруге төрт күн кеткен.
Еске салайық, 25 қаңтарда Алматыда және Қазақстанның бірнеше өңірінде жаппай жарық өшті.
Қазақстанның оңтүстігіндегі блэкаут себебі айтылды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также