Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді. Әлеуметтік желіде төтенше жағдайға қатысты видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі 6 қазанда Астана уақыт бойынша сағат 01:29-да Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.
"Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.3, магнитудасы - 5.9", - деп жазылған хабарламада.
@adambekuly♬ оригинальный звук - R
@zhassman Шымкент жер сілкінді ма? #шымкент #землятресение ♬ оригинальный звук - Жасұлан Омаров
Айта кетейік, ең жоғары балл мына өңірлерде тіркелген: Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы - 4 балл; Жамбыл облысы Тараз қаласы - 4 балл; Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы - 4 балл; Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы - 4 балл; Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы - 4 балл.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!