ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2021 | 16:22
Қазақстанның оңтүстігіне қар жауды: желі қолданушылары видео жариялап жатыр
Қазақстанның оңтүстігіне 21 сәуірде қар жауды. Желі қолданушылары жазға бір ай қалғанда қар жауғанына таңданып, видео жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның оңтүстігіне 21 сәуірде қар жауды. Желі қолданушылары жазға бір ай қалғанда қар жауғанына таңданып, видео жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" мәліметі бойынша, Алматыда 22 сәуірде жаңбыр мен қар жауатыны айтылған. Сондай-ақ тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 1-3 градусқа дейін аяз, күндіз 7-9 градус жылы болады деп болжанған. 23 және 24 сәуірде жауын-шашын болмайды.
Түркістан облысында да қар жауды. Көлік жүргізушілері жауған қарға таңданып, видео жариялап жатыр.
Тағы бір видео 21 сәуірде Түркістан облысының Шолаққорған ауылында түсірілген. Кадрлардан жолдар мен көліктерді қалай қар басып қалғанын көруге болады.
Синоптиктердің айтуынша, Түркістан облысында 22 сәуірде түнде 1-6 градус аяз болып, үсік жүреді. Күндіз 15-20 градус жылы, кей жерлерде ауа температурасы 12 градус болады.
"Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр, қар жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жекелеген өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста құмды дауыл соғады", - деді синоптиктер.
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 22-24 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді. Қазақстанның басым аумағында күн жылиды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также