ПОДЕЛИТЬСЯ
18 наурыз 2019 | 12:24
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі тағайындалды
Дархан Сатыбалды Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дархан Сатыбалды Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Дархан Сатыбалды осыған дейін Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы, 2011-2013 жылдары премьер-министр канцеляриясының әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2013 жылдан бастап екі жыл бойы Шымкент әкімі, сондай-ақ, 2015-2017 жылдары ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде болды.
Показать комментарии
Читайте также