24 маусым 2023 10:50

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі мәлімдеме жасап, Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі мәлімдеме жасап, Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге байланысты оларға барудан бас тартуды сұраймыз. Ресей Федерациясындағы, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтардағы барлық азаматтан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде консулдық есепке тұруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Елшілік өкілдерінің сөзінше, форс-мажорлық жағдайлар туындаған болса Қазақстан Республикасының азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады.

Елшіліктің сенім телефоны: +7-925-897-71-14.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше ресейлік БАҚ елде ішкі қақтығыс басталғанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram