29 қаңтар 2020 | 12:34

Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ермек Көшербаев Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын, 1998 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Тарих" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Ермек Көшербаев Қазақ КСР СІМ-де, Қазақстан Президенті Әкімшілігінде, ел Үкіметінде, Сыртқы істер министрлігінде, "Нұр Отан" ХДП-да, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да әртүрлі лауазымдард атқарды, сондай-ақ "Ертіс "ӘКК"ҰК АҚ-да басшы болды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная