ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2020 | 17:18
Қазақстанның сегіз облысында боран соғып, тұман түседі
Қазақстанның сегіз облысында боран соғып, тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның сегіз облысында боран соғып, тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Көкшетауда 24 қазанда күндіз бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде секундына 18 метр жел соғады.
Қызылорда облысында түнде 1-6 градус үсік жүреді. Қызылордада 24 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, екпіні секундына 23 метр. Қостанайда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел 15-20 м / с, күндіз екпіні секундына 25 м/с жетеді. Петропавлда күндіз көктайғақ болады, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также