09 ақпан 2014 11:28

Қазақстанның сенімге ие компаниялары іріктелді

Сурет mln.kz сайтынан

"Верный капитал" компаниясының тапсырмасымен жүзеге асқан «Қазақстанның 2013 жылғы аса сыйлы компаниялары" атты зерттеу біз күтпеген қорытынды шығарыпты. Сөйтсек, жалпақ жұрт отандық емес шетелдік компаниялар мен брендтарға көбірек сенетін болып шықты" деп жазады Tengrinews.kz «Миллионер» журналына сілтеме жасап. Сонымен, үздік ондықта мыналар тұр: Nestle, Johnson&Johnson мен Procter&Gamble, "Beeline Казахстан" және "Сбербанк Казахстан". Әлбетте, бұлар қазақстандық компаниялар емес. Ал отандық компаниялар ішінен топ жарып шыққандар: "ФудМастер", "КазТрансОйл", "Эйр Астана", "Ұлттық Банк" және "Казкоммерцбанк". "Верный капитал" компаниясы өкілі Жанна Пархоменконың сөзіне қарағанда, күтпеген жағдай орын алған, яғни "Әдетте қарапайым жұртшылық отандық компанияларды көбірек бағалаушы еді. Өйткені қанша дегенмен де еркін қарым-қатынас үшін тұтынушыларға қазақстандық бизнестің есіктері ашық еді. Алайда ұлтаралық компаниялар беделі артып тұр қазір", - дейді ол. Ал танымал топ-20-ға "ҚазМұнайГаз", "Қазақтелеком", "Қазпочта", "Қазцинк", "Ақсай-Нан", "Бахус", Kcell, "Гелиос", АЛМЭКС және "ҚазТрансГаз" кіріпті. Зерттеушілер мәліметін алған тартсақ, халықаралық деңгейде биік бағаға ие болғандар - BMW, The Walt Disney Company, Rolex, Google, Daimler.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram