25 қыркүйек 2021 14:40

Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады

Фото: Pixabay.com

Қазгидромет синоптиктері 25-27 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 25-27 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұған екі циклонның, солтүстік-батыс және оңтүстіктің, бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады: республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.

"Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5-ке, 3-11 градус жылуға дейін, күндіз 13-23-тен 3-13 жылуға дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 аяздан 3-8 жылыға дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 градусқа дейін көрсетіп, құбылып тұратыны болжанды. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 градус аяз 5 градус жылы, күндіз 7-17 жылы болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15-тен 10-17-ге дейін жылы, күндіз 25-32-ден 18-25-ке дейін болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz сайтында елдегі ауа райымен толығырақ танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram