Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады

Фото: elements.envato.com

3 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, бұрқасын және желге байланысты ескерту жарияланды. Ал елдің шығысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

3 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, бұрқасын және желге байланысты ескерту жарияланды. Ал елдің шығысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр, қар жауатыны хабарланды. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

СҚО-да 3-4 ақпанда жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар, өңірде тұман, көктайғақ, бұрқасын, секундына 23-28 метрге дейін жел болжанды.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысында 3-і қатты жел мен көктайғақ болады.

Қостанай және Ақмола облыстарында бұл күні тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

3 ақпанда тау баурайында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты тік қарлы беткейлерге шығуға кеңес берілмеді.

Ал Түркістан облысында 3-5 ақпанда тұман сақталады, Жамбыл облысында ол 3 ақпанда күтіледі.

БҚО мен Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама