27 қыркүйек 2022 12:00

Қазақстанның солтүстігінде алғашқы қар жауды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/xeniya_kanakina

Қазақстанның солтүстігінде алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның солтүстігінде алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қыркүйектің соңғы аптасында жауған алғашқы қардың суреттерін бөлісіп жатыр. Ақ ұлпа қар әлі сарғайып үлгермеген гүлдер мен ағаштарды басып қалған.

Жазбаларға қарағанда, қар түнде жауып, таңға қарай ери бастаған.

Реклама
Реклама

Қазгидромет мәліметінше, ауа райының салқындауы суық антициклонға байланысты. 27 қыркүйекте елдің солтүстік аймақтарында түнде термометр көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендеп, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстік және батыс аймақтарында күндіз термометр 15-23 градусқа дейін көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram