15 қазан 2020 | 16:00

Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтілді

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың санының өсуіне байланысты шектеу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың санының өсуіне байланысты шектеу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СҚО санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Шектеулер 16 қазан сағат 00:00-ден бастап енгізіледі.

Реклама
Реклама

Солтүстік Қазақстанда сауда және ойын-сауық орталықтары, кафе, монша және сауналардың жұмыс уақыты 22:00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық тамақтану объектілерінде 50 адамның орнына 30 адамға дейін отыруға рұқсат беріледі. Сенбі-жексенбі күндері тамақтану орындары тек жеткізумен айналысады. Демалыс күндері туризм объектілері, фитнес-орталықтар, сауда және ойын-сауық орталықтары (ғимараттағы азық-түлік тауарларын сататын орындар мен дәріханаларды қоспағанда) қызметін тоқтата тұрады.

Қоғамдық көліктер де демалыс күндері жұмыс істемейді.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қаулы талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуі тиіс. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс істейді (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болуы керек);

Халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн-форматқа көшіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да Булаев қаласы мен Малютка, Явленка ауылы қатаң карантинге жабылған болатын. Өңірде алты блокбекет орнатылған. 

Бұған дейін Маңғыстау және Атырау облыстарында карантин шаралары күшейтілген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная