13 қыркүйек 2021 | 14:45

Қазақстанның тағы бір өңірінде коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға арналған екінші өндірістік алаң дайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға арналған екінші өндірістік алаң дайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы облысындағы "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты.

"Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі. БҚПҒЗИ "Антиген" алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде QazVac шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Биыл қыркүйекте қуаты айына 1 миллион дозаға дейін жететін "Антиген" алаңында QazVac вакциналарының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды. Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. "Антиген" ҒӨК OtarBioPharm ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген QazVac қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная