Қазақстанның тағы бір өңірінде тасжолдарды тарылту басталды

Фото: Қостанай облысы ПД

Полиция департаменті мәліметінше, Қостанай облысында тасжолдарды тарылту басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, Қостанай облысында тасжолдарды тарылту басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл шешім алаңдатарлық статистикаға байланысты қабылданғаны айтылды. Жыл басынан бері өңірде 338 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл апаттардың салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы 489 адам түрлі жарақаттар алған.

Сурет: Қостанай облысы ПД

Реклама
Реклама

Негізгі себеп – жол жүру ережелерін бұзу, бірінші кезекте жылдамдықты асыру және маневрды дұрыс жасамау.

Жосықсыз жүргізушілердің кесірінен 78 жол апаты болып, 4 адам қайтыс болған, 121 адам жарақат алды. Қарсы бағытқа шығу 8 ірі жол апатына себеп болды – 3 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды. Көліктер арасындағы қашықтықты сақтамау 17 оқиғаға және 23 жарақатқа әкелді.

Сурет: Қостанай облысы ПД

Ең қауіпті учаскелер анықталды. Дәл сол жерлерге жолды тар етіп көрсететін уақытша қоршаулар орнатылып жатыр.

Пилоттық учаскелер ретінде Қостанай – Әулиекөл – Сұрған және Қостанай – Рудный – Денисовка бағыттарындағы тасжолдар таңдалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама