ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 сәуір 2023 16:10
Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
"Қазгидромет" РМК 12 сәуірде өңірлерде күтілетін ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, 12 сәуірде түнде Астанада, 12 сәуірде күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу