ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қараша 2023 09:11
Қазақстанның төрт қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
Синоптиктер Қазақстанның төрт қаласында 27 қарашада ауаның ластану деңгейі артады деп болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу