13 наурыз 2022 | 13:10

Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа-райының нашарлауына байланысты бірнеше аймақта барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелгені айтылды.

  • Ақмола облысы:
Реклама
Реклама

13 наурызда сағат 09.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын) жолдарда барлық көліктің қозғалысына шектеу енгізілді: Екатеринбург-Алматы тасжолының 1291-1353 шақырымы, Жібек жолы кенті учаскесі - Қарағанды облысының шекарасы, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі; Екатеринбург-Алматы тасжолының 1275-1291 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы - Жібек-жолы кенті учаскесі.

13 наурызда сағат 10.30-да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран): Екатеринбург-Алматы тасжолының 1003-1247 шақырымында Атбасар - Нұр-Сұлтан учаскесі; Нұр-Сұлтан - Ерейментау-Шідерті тасжолының 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан - Павлодар облысы учаскесі.

13 наурызда сағат 10.25-те "Нұр-Сұлтан - Петропавл" тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтан - Щучинск қаласы, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі.

  • ШҚО:

13 наурызда сағат 09.10-да ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран) Аягөз қаласы - Қалбатау ауылының 778-967 шақырымындағы Алматы-Өскемен тасжолында жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

  • Қарағанды облысы:

13 наурызда сағат 09.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран) Екатеринбург-Алматы тасжолының 1291-1353 шақырымы, Ақмола облысы - Теміртау, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі.

  • Павлодар облысы:

13 наурызда сағат 10.30-да Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті тасжолының 200-254 шақырымы, Ақмола облысы - Шідерті кенті учаскесі.

Еске салайық, биыл 8 облыста 9-12 наурыз аралығында республикалық маңызы бар тасжолдарда бірнеше рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол тазарту жұмыстарына 600-ден аса арнайы техника мен 1 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылды. Нәтижесінде республикалық маңызы бар 5 мың шақырымнан аса жол тазартылды.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы азаматтарды ауа-райының өзгерісін мұқият бақылап, алыс жолға шықпауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram