ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2024 | 09:47
Қазақстанның төрт облысында көлік қозғалысы шектелді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 1 учаске:
- "Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 шақырым, Жібек жолы ААП - Қарағанды облысы шекарасына дейін - 61 шақырым.
Жетісу облысында шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады - 1 учаске:
- "Үшарал-Достық" 84-184 шақырым, Көктұма станциясы - Достық станциясына дейін – 100 шақырым.
Қарағанды облысында шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады – 6 учаске:
- "Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 шақырым, Новостройка а. - Балқашқа дейін - 349 шақырым.
- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 шақырым, Павлодар облысы шекарасы-Ботақараға дейін - 93 шақырым.
- "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 шақырым, Қарағанды - Қарқаралы аралығында - 200 шақырым.
- "Қызылорда-Павлодар" 970-1135 шақырым, Қарағанды - Павлодар облысы шекарасына дейін - 165 шақырым.
- "Қызылорда-Павлодар" 788-906 шақырым, Ұлытау облысы шекарасы-Топар к. дейін – 118 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
- "Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 шақырым, Ақмола облысы шекарасы-Теміртау ААП - 73 шақырым.
Павлодар облысында шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады - 2 учаске
- "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 шақырым, Қарағанды облысы шекарасы-Шідерті кенті - 71 шақырым.
- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 137-231 шақырым, Баянауыл - Қарағанды облысы шекарасы - 94 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также