ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2022 | 08:26
Қазақстанның төрт өңірінде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді
Қазақстанда өткен тәулікте, 12 сәуірде 12 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда өткен тәулікте, 12 сәуірде 12 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 327-ге жетті. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 8, Алматы облысында - 1, Қарағанды облысында - 1.
Қазақстанда 41 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Екпеге келсек, 2022 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 467 542 адам, 2-компонентін 9 202 834 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат мынадай: 2022 жылғы 12 сәуірде Pfizer вакцинасының ️ I дозасын 991 511 адам, ️ІІ дозасын 858 912 адам салдырды.
Оның ішінде: І компонентімен
- Жасөспірімдер – 797 087,
- Жүкті әйелдер – 36 669,
- Бала емізетін әйелдер – 131 360.
ІІ компанентімен
- Жасөспірімдер – 714 750,
- Жүкті әйелдер – 31 247,
- Бала емізетін әйелдер – 111 561.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также