ПОДЕЛИТЬСЯ
10 ақпан 2021 | 12:43
Қазақстанның "тісі батпайтын келіссөз жүргізушілері" депутаттарды ашуландырды
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері біріккен алқасының 10 жұмыс тобының 9-ын Ресей өкілдері басқарады. Мәжіліс депутаттары мұндай жағдайға наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері біріккен алқасының 10 жұмыс тобының 9-ын Ресей өкілдері басқарады. Мәжіліс депутаттары мұндай жағдайға наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат Гүлдара Нұрымова Мәжіліс отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жұмыс топтарының басшылары неге негізінен Ресей Федерациясының өкілдері екенін сұрады. Себебі жұмыс топтары қызметінің қорытындысы бойынша алқаның қарауына ұсыныстар мен шешімдерді шығаратын солар.
Қаржы министрі мұндай жағдайдың барын растады.
"Бұл тарихи солай қалыптасты, өйткені кеден қызметтерінің біріккен алқасының хатшылығы Мәскеуде орналасқан, ол алқаның, хатшылықтың және жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз етеді. Бірақ жұмыс топтарында барлық шешім консенсус арқылы қабылданады, олар алқаға шыққанда әр елдің даусы болады. 10 жыл жұмыс барысында қандай да бір сұрақтар туындамаған", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин талқыға қосылды.
"Мәселе консенсустың түрі емес, жұмыс органы туралы болып тұр. Ал хатшылықты қай мемлекеттік өкіл басқарады? Кім? Тағы Ресей Федерациясы ма? Біз аппараттың не екенін білеміз ғой. Құжатты біресе былай, біресе былай қойса болады. Ерман Мұхтар Тілдабекұлы (бұрынғы депутат) өткен шақырылымда зор жұмыс жүргізді, біз "тарихи қалыптасқан" барлық интеграциялық құжатта тәсілдерді өзгерттік, онда ТМД Парламентаралық ассамблеясын қоспағанда, толық ротация бар", - деді ол.
Нығматулин министрге бұл мәселені шешу керегін айтты.
"10-нан 9-ы басқарады. Депутаттар дұрыс мәселе көтерді. Осыған байланысты қандай да бір проблема бар ма? Құжат дайындалып жатқанда, келіссөздер жүргізіліп жатқанда, біздің тісі батпайтын келіссөз жүргізушілер сөз сөйлейді. "Тарихи" - бұл министрдің жауабы ма? Бұл істі түзетіңіздер", - деп қорытындылады спикер.
Мәжілісте "2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралып, мақұлданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также